Көксу ауданындағы Мұсабек атындағы орта мектеп 1,6 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Бозтоған ауылында орналасқан білім ордасында 430 оқушы білім алады. Жаңартылған мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
Жөндеу аясында мектептің инженерлік жүйелері, оқу кабинеттері мен материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Бұған қоса, бұрын көмірмен жұмыс істеген қазандық газ отынына ауыстырылды. Бұл жылу жүйесінің тиімділігін арттырып, жылыту маусымында тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1987 жылы салынған үш қабатты мектеп соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ғимараттың жобалық қуаттылығы – 784 оқушы. Қазір мұнда 22 сынып-комплектісі жұмыс істейді.