
Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын! Қымбатты сайлаушылар!
Мен, Ақжол Құрманғалиұлы Қожаханов, «Жаркент көпсалалы колледжі» шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып еңбек етемін. Жинақтаған еңбек тәжірибем мен басқарушылық машығымды туған өлкеміздің игілігіне жұмсауға дайынмын. «Ауылым — алтын бесігім» демекші, осы уақытқа дейінгі іс-тәжірибемді туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне, елді мекендеріміздің көркеюіне үлес қосуды мақсатым деп білемін.
Мен үшін Панфилов ауданының басты байлығы — еңбекқор адамдары, туған жердің тарихы мен болашағына бейжай қарамайтын әрбір тұрғын. Панфилов ауданының әлеуетін арттыру, әрбір елді мекенде өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, сапалы инфрақұрылым, қолжетімді әлеуметтік қызметтер мен жаңа мүмкіндіктер жасау — менің басты мақсатым. Қазіргі уақытта «Жаркент көпсалалы колледжі» шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып еңбек етемін. Жинақтаған еңбек тәжірибем мен басқарушылық машығымды туған өлкеміздің игілігіне жұмсауға дайынмын.
Барлық өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешіп, депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге және халықтың мүддесін адал қорғауға дайынмын. Сіздердің назарларыңызға 2026–2031 жылдарға арналған нақты міндеттемелерімді ұсынамын:
1. Жолдар және көлік қауіпсіздігі
- Аудандағы автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға, әсіресе ауыларалық және көше жолдарын жөндеу жұмыстарын назарда ұстауға күш саламын.
- Мектептер мен балабақшалар маңында жол қауіпсіздігін арттыру, жаяу жүргіншілер өткелдері мен заманауи жол белгілерін орнату бастамаларын қолдаймын.
2. Су, электр және коммуналдық инфрақұрылым
- Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңғырту және елді мекендерді газдандыру жұмыстарын жеделдету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстаймын.
- Коммуналдық қызметтердің тарифтері мен сапасына қоғамдық бақылау орнатуға ықпал етемін.
3. Жаңа жұмыс орындары, кәсіпкерлік және цифрландыру
- Ауданда жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдап, жастар мен әйелдерді жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, сондай-ақ тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға атсалысамын.
- «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие алудың қолжетімділігін арттыруға, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетемін.
- Ауылдық елді мекендерді сапалы интернет желісімен және мобильді байланыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыс жүргіземін.
4. Таза және көркем аудан
- «Таза Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, ауыл-аймақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ экологиялық таза қоғамдық кеңістіктер құруға белсене қатысамын.
Құрметті сайлаушылар! Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды! Сіздің сеніміңіз – нәтижеге деген жауапкершілік! Бірлесе атқарылған еңбек арқылы ауданымызды гүлденген мекенге айналдырайық! Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!