​ Мен, Азина Мұхтарқызы Тоқтарман, Көксу ауданында туып-өстім, қазіргі уақытта Балпық би ауылында тұрамын. Еңбек жолымды мұғалім болып бастап, кейін аудандық кітапханада қызмет атқардым, ал 2025 жылғы қыркүйектен бастап Көксу аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын басқарып келемін. «Туған өлкем – алтын бесігім» демекші, осы уақытқа дейін жинақтаған іс-тәжірибемді туған өлкемнің өсіп-өркендеуіне, елді мекендеріміздің көркеюіне жұмсауды басты мақсатым деп білемін.  

Қадірлі жерлестер!

Мен үшін депутаттық қызмет – атақ емес, ел алдындағы үлкен жауапкершілік. Көксу аудандық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынушы кандидат ретінде 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламамдағы негізгі бағыттармен бөліскім келеді.  

​Мен орындалуы мүмкін емес уәде бермеймін. Жұмысымның негізгі өзегі – сіздердің ұсыныстарыңызды жинақтап, мәслихат отырыстарында көтеру, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолдау және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау. 

​Күнделікті өмірге қажетті өзгерістер

Ауылдық елді мекендердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін мына бағыттарда жүйелі жұмыс істеймін:

​Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын зерделеп, жөндеуді қажет ететін учаскелерді кезең-кезеңімен жөндеу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жарықтандыру мәселелерін көтеру. 

​Ауызсу, суару жүйесі, электр және көше жарығына қатысты өтініштерді бірге қарастырып, тозған инженерлік желілерді жаңартуды бюджет жоспарлау кезінде ұсыну. 

​Елді мекендерді абаттандыру, қоқысты уақытылы шығару, заңсыз қоқыс орындарын жою, көгалдандыру және тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық акцияларына тарту. 

​Әлеуметтік қолдау және даму

Әрбір отбасының әл-ауқаты мен болашағы назарда болуы тиіс:

​Мектептердің материалдық-техникалық жағдайы, қауіпсіздігі және санитарлық талаптарға сәйкестігі бойынша ата-аналар мен педагогтердің ұсыныстарын білім бөліміне жеткізу, балаларға арналған спорт алаңдары мен бос уақыт өткізу орындарын көбейту мәселесін көтеру. 

​Медициналық пункттердің қолжетімділігі, мамандармен қамтылуы және алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал ету, сондай-ақ қарттар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың өтініштерін назарда ұстау. 

​Жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету; ауыл кәсіпкерлерінің, шаруа қожалықтарының, шағын бизнес өкілдерінің мәселелерін көтеру; әйелдер мен жастар кәсіпкерлігіне арналған гранттар мен оқыту мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын қолдау. 

​Әр бағыт бойынша сіздермен ақылдасып, атқарылған іс туралы тұрақты түрде ашық есеп беремін.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *