Бүгін Ақжар ауылдық округінің мәдениет саласының қызметкерлері №71 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.
Бұдан бөлек, ауылда спорттық-мәдени шара ұйымдастырылды. Оның бір кезеңі арқан тартыс сайысы болып, оған мәдениет саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Қатысушылар коммандалық рухты, ауызбіршілік пен шапшаңдықты танытты. Мұндай шаралар тұрғындардың белсенділігін арттыруға және ауыл қауымдастығындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.