Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлау аясында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл отбасымен бірге №461 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Әкім ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерде әр азаматтың жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

– 23 тамыз еліміз үшін маңызды күн. Сайлау әр азаматтың өз таңдауын білдіруіне берілген мүмкіндік. Әрбір азаматтың еркін әрі саналы таңдауы маңызды, – деді Ернат Бәзіл.

Қала әкімінің айтуынша, азаматтардың қоғамдық үдерістерге жауапкершілікпен қарауы қоғамның дамуы мен бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Құрылтай депутаттарын сайлау азаматтардың өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *