Талдықорған қаласындағы №389 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр. Учаске алдын ала дайындалып, сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Сайлау күні учаске өз жұмысын белгіленген уақытта бастап, алғашқы сайлаушыларды қабылдады. Тұрғындар таңертеңнен бастап келіп, өз таңдауларын жасауда.
Учаске төрағасы Әділжан Ғұмаровтың айтуынша, тұрғындар таңертеңнен бастап өздерінің сайлау құқығын пайдалануда.
-Сайлаушылар таң атқаннан бері өз таңдауын жасау үшін келіп жатыр. Баршаға бейбітшілік, амандық және береке тілеймін. Бұл күн еліміз үшін маңызды оқиға болсын, — деді ол.
Сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *