Жетісу облысының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров бүгінгі тарихи сәтке куә болып, дауыс берушілердің қатарынан табылды. Ол №408 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Дауыс берудің жауапкершілігі жоғары. Сондықтан халықпен бірге белсенділік танытып, азаматтық міндетімді орындадым», — деді халықаралық спорт шебері Мәулен Мамыров.
Айта кетейік, Мәулен Мамыров — палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.