Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Күнделікті отбасылық қарбаластарға қарамастан көпбалалы аналар жақын маңдағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады.
– Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердік. Себебі, барлық ана балаларының ұйқысының тыныш болғанын қалайды, – деді «Күміс алқа» иесі Назира Бейкутова.