Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты.
Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді.
«Референдум — қазақстандықтар үшін маңызды таңдау жасалатын күн. Біз талдықорғандықтарды осы күні белсенді болып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз»,- дейді кейіпкер киімін киген Дина мен Асылмұрат.
Дауыс беру учаскесінде мультфильм кейіпкерінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жастармен дауыс берушілер естелік суретке түсті.