Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Акция Текелі таулары аумағында іске асырылып, арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік жүргізіліп, еріктілер мен жастар қауымы табиғи аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Шараның негізгі мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру болды.
Іс-шара барысында қала тұрғындар экологиялық акцияға қосылып белсенді түрде қатысып, өздеріне белгіленген аймақтан пластик, қағаз, киім-кешек, сондай-ақ электронды қалдықтарды жинап, арнайы белгіленген қабылдау орындарына тапсырды. Бұл акция тұрғындардың қоршаған орта тазалығына бейжай қарамайтынын көрсетіп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.
Аталмыш экологиялық акцияға барысында 50-ден астам еріктілер мен қатысушылар пластик, қағаз, киім-кешек және электронды қалдықтарды жинап, оларды дұрыс сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялау жауапкершілігін арттыруға және жастардың экологиялық санасын дамытуға бағытталды. Іс — шара соңында қатысушыларға арналған жастар кеші ұйымдастырылып, мерекелік әрі танымдық бағдарлама ұсынылды.Іс — шара аясында тұрғындар да экологиялық акцияға белсене қатысып, өздеріне белгіленген аумақтардан қалдықтарды жинап, арнайы қабылдау орындарына өткізді. Мұндай формат тұрғындардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға деген азаматтық жауапкершілігін күшейтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, қоғамда жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай акциялар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы азаматтық жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік береді.
«Eco Spring Action» экологиялық акциясы тек қоқыс жинау шарасымен шектелмей, экологиялық ағартушылық сипаттағы маңызды бастамаға айналды. Мұндай игі бастамалар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялау құндылықтарын дәріптеуге және болашақ ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға нақты үлес қосылуда. «Eco Spring Action» акциясы — Жетісу өңірінде экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қала тұрғындарының кең қолдауына ие болды.