Өңірді қантпен қамтамасыз ететін ұйымшыл ұжымның бірі «Ақсу қант» зауытының қызметкерлері дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып бірге келді.
«Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, тәтті түбір қабылдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау — барлығымыздың азаматтық борышымыз», — деп білетін азаматтар дауыс беру учаскесіне ұжыммен келген.
«Бұл референдумға барлық қызметкерлер бірауыздан қатысып, өзіміздің белсенділігімізді және жарқын келешек үшін таңдау жасадық деген сенімдеміз. Сондықтан қауырт науқанға қарамастан арнайы уақыт белгілеп, бір уақытта таңдау жасауға келдік. Себебі бұл таңдауда еліміздің әр тұрғынның пікірі маңызды», – деді ұжым басшысы Самат Надирбаев.
Айта кетейік, еңбек ұжымы дауыс берген І.Жансүгіров ауылындағы «Ақын Сара» мәдениет үйіндегі №3 дауыс беру учаскесінде келушілердің қатары көп.