Елімізде өзге ұлт өкілдері де бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Ескелді ауылдық округінде бүгінгі күні 5 этномәдени бірлестік тіркелген. Ауылдық округтің №150 дауыс беру учаскесіне ұлттық киімдерін киіп орыс, қазақ, неміс, татар, кәріс ұлт өкілдері дауыс беруге келді. Соның бірі – ауыл тұрғыны шешен ұлтының өкілі Хасханов Руслан.
«Бүгін ерекше күн. Референдумға қатысу азаматтық борымышымыз деп санаймын. Оған қоса дауыс беру — бірлігіміз бен ынтымағымыздың көрінісі. Сондықтан ел ертеңі үшін таңдауымды жасадым», — дейді Руслан.
Ауылда референдум күні 3 дауыс беру учаскесі жұмыс жасауда.