Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тұрғындарға арналған құқықтық кеңес беру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әрбір тұрғынға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шара барысында тұрғындарға күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар еңбек қатынастары, әкімшілік жауапкершілік, әлеуметтік қолдау, отбасылық құқық, мүліктік даулар және өзге де құқық салалары бойынша өз сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби кеңес алды.
Акция аясында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Спикер азаматтарға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және даулы мәселелерді заң аясында шешу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы – қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің маңызды кепілі екені түсіндірілді.
Шараның спикері – заңгер маман Ерасыл Қабдылов Айдынұлы. Ол қатысушылардың барлық сауалдарына нақты мысалдар келтіре отырып жауап беріп, тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Осындай іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға және заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттауға бағытталған.
