Талдықорған қаласындағы Ардагерлер саябағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Taza Time – тазалық ортақ міндет» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту.

Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, жасыл желектердің айналасы ретке келтірілді. Шараға белсенді жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Аталған бастама экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жоспарлануда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *