Конституциялық реформаларды ілгерілету аясында Талдықорған қаласында «Жастар және Конституция: жаңа мәндер мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс — шараға Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Ахажан Темірболат Жанболатұлы, Талдықорған қалалық мәслихаты №11 сайлау округінің депутаты, «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы, сондай — ақ Талдықорған қалалық мәслихаты №3 сайлау округінің депутаты, аталған тұрақты комиссияның мүшесі Молдаханова Ғалия Каметқызы спикер ретінде қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — Конституциялық реформалардың мән -маңызын кеңінен түсіндіру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және олардың қоғамдық — саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін талқылау болды.

Жиын барысында Ахажан Темірболат Жанболатұлы Конституциялық өзгерістердің ел дамуы мен әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне тоқталып, жастардың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігінің маңызын атап өтті.

Өз кезегінде Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы жастар саясатын жүзеге асыру тетіктері, білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы реформалардың артықшылықтары туралы баяндады. Ал Молдаханова Ғалия Каметқызы жастардың бастамаларын қолдау, құқықтық сауаттылықты арттыру және олардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, Конституцияда бекітілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері туралы ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, жастар мен билік өкілдері арасында тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *