Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №389 референдум учаскесінде дауыс берді.
— Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда халық, көпшілік қоғам бірінші рет өз елінің экономикалық, энергетикалық болашағы үшін өз таңдауын жасайды. Конситуцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Дастанбек Садық
Фото: Жеңіс Ысқабай