Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенділікпен қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады. Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері №452 дауыс беру учаскесіне ұлттық киімдерімен келіп, татулық пен бірліктің, отаншылдықтың өнегелі үлгісін көрсетті.
«Қазақстан – біздің Отанымыз! Еліміздегі жетістіктерге, жаңа бастамаларға ылғи қуанып, барынша қолдап отырамыз. Достық, бірлік, татулық – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да бүгінгідей аса маңызды таңдау кезінде референдумға әртүрлі ұлт өкілдері бір кісідей қатысып, ынтымағымызды паш етсек, кейінгі буынға үлгі көрсетсек деп келдік», – деді кәріс этномәдени орталығының мүшесі Татьяна Ким.