Screenshot

Талдықорған қаласының №27 орта мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және ғылыми-практикалық шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Сондай-ақ үздік жобаларды республикалық деңгейге ұсыну үшін іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Байқауға 8 аудан мен 2 қаладан, 3 мамандандырылған мектеп-лицейден 281 оқушы 237 жоба бойынша қатысты. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын дипломдары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жетісу облысының әкімдігі, білім басқармасы және «Жетісу дарыны» орталығы ұйымдастырған байқау 19 бағыт бойынша жүргізілді: физика, техника, жер және ғарыш, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық, биология, тарих, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, өлкетану, адам және қоғам, этномәдениеттану, сондай-ақ интердисциплинарлық жобалар.

Конкурс оқушыларға өз зерттеулерін көрсетуге, ғылым саласындағы маңызды мәселелерді зерттеуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *