Жетісу облысында ғылымға, инженерия мен инновацияға қызығушылық танытқан оқушылардың өміріндегі жарқын оқиғаға айналған «ZHETYSU ENGINEERING» облыстық имидждік зерттеу жобалары байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін қолдау, инженерлік ойлау қабілетін дамыту және жаңа технологияларды жасауға деген талпынысын арттыру болды.

Жетісу өңірінің түрлі аудан мен қалаларынан келген 53 дарынды оқушы экология, робототехника, IT-технологиялар, физика және энергетика секілді әртүрлі бағыттарда өз жобаларын таныстырды.

Байқаудың бірнеше кезеңі барысында қатысушылар өз білімдерін, тың идеяларын, талдау және жобалау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Сарапшылар алқасы жас зерттеушілердің жоғары дайындығын, ұсынылған шешімдердің ерекшелігі мен жобалардың практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлдегер атанды — олардың жұмыстары үздік деп танылып, лайықты марапатқа ие болды.
Жеңімпаздар қатарында — өңірдің ғылым мен инженерия саласына үлес қосып жүрген жас зерттеушілер бар.

Байқауды ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, олардың ұстаздары мен тәлімгерлеріне еңбектері мен табандылықтары үшін алғыс білдірді.
Осындай «ZHETYSU ENGINEERING» секілді бастамалардың арқасында өңірде инновациялық шешімдер ұсына алатын, ел дамуына үлес қосуға дайын дарынды әрі мақсатшыл жастар қауымдастығы қалыптасып келеді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *