Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келді.
Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған жолдасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актеры Кендебай Темірбайұлымен бірге өз таңдауларын жасады.
«Аса жауапты науқанға қатысып, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Әрине бүгінгі күні еліміз тың серпіліспен дамып келеді. Бұл мемлекет басшысының салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Жетісуымыз одан әрі дами берсін», — деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Нұрпейісқызы.
Айта кетейік, бүгінгі референдумға қаламыздың барлық өнер ұжымдары да тысқары қалмай таңдауларын жасауда.