
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ:
Округке қарасты ауылдарының көше арықтары мен суғару жүйесін жөндеу мəселесі;
Мойынқұм, Бақша елді мекендеріне қатынас жолдар мəселесі;
Мəулімбай ауылындағы тозығы жеткен ауыз су мұнарасының мəселесі.
Егер әкім болған жағдайда:
Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын!
Ауылдарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
Мұсабек ауылында Қарауылов көшесіне (төрт үй) асфальт, жарық шамдарын орнатамын;
Мұсабек ауылында саябақ салынуына күш саламын;
Мұсабек ауылында спорт кешенін салынуына жұмыс жасаймын;
Мəулімбай ауылының сыртымен айналма жол саламын (қиыршық тас төсеу);
Быжы станциясында көшеге қиыршық тас төсеу, байланыс, интернетті ретке келтіру жұмыстарын жүргіземін;
Бақша разъездіне баратын жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргіземін.
Маған сеніммен дауыс беріңіздер!