Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта 76 үйді су басқан, бұл баспаналардан 634 адам, соның ішінде 101 бала эвакуацияланды. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәулік ішінде Есіл ауданының 3 елді мекені — Покровка, Николаевка, Петровкада Есіл өзенінің тасуына байланысты 56 жеке тұрғын үй су астында қалды. Құтқарушылардың және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 68 адам эвакопунктке және туыстарына орналастырылды.

көшіру
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Шал ақын ауданы Янко ауылында еріген қар суынан 6 жеке тұрғын үйге су кірді. Осылайша 17 адам, оның ішінде 6 бала туыстарына эвакуацияланды. Қазіргі уақытта мұнда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Петропавлдағы Заречный кентінен де құтқарушылардың, полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 259 эвакопунктке және туыстарына алдын ала көшірілді.

көшіру
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 19 учаскесін су шайып кетті. Белгілер қойылды. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен полиция кезекшілік атқарып жатыр.

Бұдан бөлек елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында автожолдардың 8 учаскесі су ағуы үшін бұзылды.

су басқан ауылдан эвакуация
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Жалпы қазір СҚО-да Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ұлытау және Павлодар облыстарынан келген 266 құтқарушы арнайы техникаларымен, Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінен 313 адам жұмыс істеп жатыр.

эвакуация
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *