Аскаридоз – организмнің аш ішегінің құрт инвазиясымен зақымдануы. Әр түрлі жастағы және жыныстағы адамдарда климаттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде кездеседі.

Аскаридоздың қоздырғышы – дөңгелек әртүрлі жынысты құрттар – аскаридтер. Ересек кезінде олар адамның аш ішегінде (тонкий кишечник) бөлігінде мекендейді. Еркегінің ұзындығы 20-25 см, ұрғашысының ұзындығы шамамен 40 см.

Жетісу облысы бойынша ағымды жылдың 10 айында аскаридоздың 40 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 33 (83%).

Адам инвазиясының көзі – аскарида жұмыртқаларымен ластанған топырақ. Жұғужолы – нәжіс-ауыз арқылы. Жұқтыру, әдетте, адам қолын жумаған, ластанған өсiмдiк өнiмдерiн пайдаланғанда немесе ашық су қоймаларынан шикi су iшкен кезде болады.

Аскаридаларға оның адамға қауіптілігін анықтайтын күрделі өмірлік цикл тән. Осылайша, ішекте ұрғашы құрт тәулігіне 240 000 жұмыртқа салады. Негізгі қожайынның нәжісімен олар қоршаған ортаға шығып, топырақ пен жер асты суларына түседі. Көбінесе аскаридоз гигиена сақтамайтын балаларда анықталады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы алқаптарының жұмысшылары, бағбандар, тазалаушылар, тазарту құрылыстарында жұмыс істейтін мамандар ауруға шалдығады.

«Аскаридоздың алдын алу ауруды дер кезінде анықтауға және дәрігердің бақылауымен емдеуге негізделеді. Гигиенаның барлық ережелерін сақтау мақсатында: балалардың өз қолы мен қолының тазалығын қадағалап қана қоймай, оларға тиісті гигиеналық әдеттерді үйрету қажет.Серуендеуден, дәретханаға барудан кейін, тамақтану алдында қолды үнемі жуу, сондай-ақ үстелге түсетін азық-түліктерді тиісті санитарлық өңдеу организмді аскаридаларды жұқтырудан едәуір дәрежеде қорғайды», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *