Талдықорғанда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін №406 сайлау учаскесіне келді.
Бірлестік өкілдері сайлау учаскесіне қазақтың ұлттық бас киімі — кимешек киіп келді. Киімнің мұндай символдық таңдауы олардың ұлттық құндылықтарға адалдығын және мәдени мұраны сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысын айқындады. Бүгінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі қазақ дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды дәріптеумен белсенді айналысады.
Қоғамдық бірлестіктің мүшесі Құралай Жауқазын сайлауға қатысу — әрбір адамның азаматтық ұстанымының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.
— Бүгін біз өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа аманаттау — бәрімізге ортақ міндет. Ұрпақтар сабақтастығы да осыған негізделеді, — деді ол.
Birлестік қатысушылары үшін бұл мәдениетті сақтау өз дәстүрлеріне күнделікті құрметпен қараудан, ал азаматтық жауапкершілік — қоғам өміріне жеке қатысудан басталатынын көрсетті.