Жетісу облысындағы көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған Ысқақ Құсайынов өз таңдауын жасап, үйінде дауыс берді.

Қарт майдангер соғыс даласында ерлік көрсетіп қана қоймай, бейбіт өмірде саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын білім саласына арнап, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты ұстаз. Ысқақ ақсақал ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқандардан қалыс қалмай, азаматтық ұстанымымен кейінгі буынға үлгі болып келеді.

Бүгінде Ысқақ атаның 2 перзентінен 9 немере, 26 шөбере және 4 шөпшек тараған.

Дауыс бергеннен кейін ардагер ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігін тіледі.

– Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Жастарымыз елін сүйіп, халқына қызмет етсін. Халқымыз қуатты болсын, – деді Ысқақ Құсайынов.

Айта кетейік, бүгінде Талдықорған қаласында ғасыр жасаған 3 қария тұрады. Солардың бірі Жетісу облысындағы көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов.и

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *