Бүгін таңмен таласа оянған Ескелді ауылдық округінің тұрғындары №140 сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық белсенділіктерін танытуда.
Сайлау учаскесінің ерекшелігі – бір мезетте 200-ге жуық тұрғынның жиналып, бір атаның баласындай ауызбіршілікпен дауыс беріп, өз таңдауларын жасауы. Бұл – ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі.
Жалпы, Ескелді ауылдық округінің достығы мен татулығы ежелден ерекшеленеді. Мұнда қазақ халқымен қатар корей, күрд, шешен және басқа да этнос өкілдері бір мекенде тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бірлігі бекем, берекесі жарасқан елдің басты құндылығы – өзара сыйластық пен ынтымақтастық. Бүгінгі сайлау барысы да осы жарасымды татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.