Референдум күні жаңа босанған ана Мөлдір Амангелдіқызы жылжымалы жәшік арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов Мөлдір Амангелдіқызын құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат тарту етті. Мемлекетіміз үшін маңызды күнде босанған жас ана референдумның еліміз бен болашақ ұрпақтарымыз үшін маңызды екенін жеткізді.