Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Үшарал қаласындағы №45 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бүгін тарихи маңызды күн. Жұртшылық жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беруде. Маңызды референдумда дауыс беру – әрбір қазақстандықтың парызы деп ойлаймын. Менде өз таңдауымызды жасадым», – деді аудан басшысы.