Қазақстанның ең басты басты құнды әрі қымбат байлығы – адам. Сол адамның сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті.Сондықтан да әрбір қазақстандық сапалы өмір сүруі үшін тапшылық пен таршылықты сезінбеуі керек деп ойлаймын.
Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдыру жолында еңбек етуге міндеттіміз. Біз бір күнмен емес ертеңгі күнмен өмір сүруге бейімделуіміз керек. Сондықтан да елімізде АЭС салуға референдум өткізілуде. Мұндағы ең үлкен жетістік – әр азаматқа бірдей мүмкіндіктің берілуі.
АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми-зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ең бастысы – тұрақты жұмыс орындары құрылып қана қоймай, инфрақұрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ең кереметі тұрақты және тәулік бойы энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, атом электр стансысы су тасқыны, 9 балға дейінгі жер сілкінісі сияқты табиғи апаттарға төтеп бере алады. Сондықтан біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына әсер етеді.
Руслан АБДРАЗАҚОВ,
қазақ палуан