Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар.
Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп жүрген жандарға және тұрғындарға ақ батасын берді.
Талдықорған қаласы Серікбек атамыздың көз алдында өсіп, дамыған. Сондықтан бүгінгі референдумға қатысу Балкыбаев Серікбек ардагер үшін маңызды шараның бірі.