Жетісу облысында 1 наурыз — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай оқыту және ақпараттық іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбек хабарлады. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздік шараларына және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ өңірдің қауіпсіздік жүйесін нығайту.
Жетісу облысының аумағында бүгінгі таңда 5 химиялық қауіпті нысан тіркелген. Олардың үшеуі Талдықорған қаласында орналасса, қалған екеуі Алакөл және Қаратал аудандарында жұмыс істеп тұр.
Мамандар бұл нысандардағы химиялық заттардың мөлшері мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда зардап шегуі мүмкін тұрғындардың саны алдын ала есептеліп, соған сәйкес қорғаныс жоспарлары құрылған.
Қазіргі заңнама талаптарына сәйкес, мұндай нысандардың маңындағы халықты жеке қорғаныс құралдарымен, атап айтқанда газқағарлармен қамтамасыз ету — басты міндет. Осы мақсатта өңірдегі арнайы қоймаларға қажетті газқағарларды сатып алу және олардың санын тиісті нормаға жеткізу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда облыста күрделі химиялық авариялар тіркелген жоқ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *