«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Тәртіпті оқушы – мектептің айнасы» тақырыбында тағылымды кездесу Н.Алдабергенов атындағы мектеп базасында, Көксу ауданы аумағында ұйымдастырылып, аудандық полиция бөлімімен бірлескен түрде өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын қатаң сақтауға баулу, қоғамдық тәртіпті нығайту және саналы, жауапты тұлға тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау саласының мамандары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы кеңінен ақпарат беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдық ортадағы мінез-құлық мәдениеті мен жеке жауапкершіліктің мәні ерекше атап өтілді.

Жастар орталығының психолог-маманы Мадина Қайратқызы оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырып, танымдық сипаттағы ойындар өткізді. Психолог кездесу тақырыбы аясында тәртіптің тұлғалық дамудағы рөлі, өзін-өзі бақылау, дұрыс шешім қабылдау және жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық санасын арттыруға, заң мен тәртіпке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамға пайдалы, парасатты азамат тәрбиелеуге бағытталды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *