2026 жылдың 3 ақпан күні «Taldykorgan jastary» ұйымдастыруымен «Әйел құқығы — қоғам дамуының негізі» тақырыбында прокуратура қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты — қоғамдағы әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелерін насихаттау, заңдар мен нормаларды түсіндіру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Шараның спикері:

Талдықорған қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Рахманбекова Назерке Саржановна. Ол өз сөзінде әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістерді, құқықтық көмектің қолжетімділігін және тұрмыстық зорлық — зомбылықты болдырмау жолдарын түсіндіріп қана қоймай, қоғамдағы гендерлік теңдік, әйелдердің әлеуметтік құқықтары, заң алдында тең мүмкіндік алу мәселелеріне де тоқталды. Сонымен қатар ол қатысушыларға құқықтық дауларды шешу жолдары, өз құқықтарын қорғау шаралары және мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі жөнінде практикалық кеңестер берді.

Кездесуге қатысқан жастар белсенділік танытып, спикерге сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Прокуратура өкілдері қатысушыларға құқықтық кеңестер беріп, азаматтарды өз құқықтарын қорғау жолдары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етті.

Шара соңында қатысушылар әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесіне деген назарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті және осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін айтты.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *