Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады.
Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді.
– Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, референдум комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім, – дейді ғасыр жасаған кейуана.
Апамыз 9 баладан 20 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Алакөл ауданы