Screenshot

Жетісу облысының 40-тан астам мектебі білім беруді цифрландыру аясында TopIQ-Mobil Box мобильді станцияларымен қамтамасыз етілді. Өңірге барлығы 42 құрылғы жеткізілді, оның екеуі Талдықорған қаласының мектептеріне бөлінді. Құрылғыларды табыстау рәсімі облыс орталығындағы №28 мектеп-лицейінде өтті.

TopIQ-Mobil Box TopIQ.kz платформасына және басқа да білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, алты сағатқа дейін автономды режимде жұмыс істей алады және интернетсіз қолдануға бейімделген. Бұл әсіресе ауыл мектептері үшін маңызды. Құрылғы 128 Гб жадымен жабдықталған, онда 395 электронды оқулық сақталған, сондай-ақ оқу үдерісін қолдауға және оқу материалдарын дайындауға арналған Qamqor жасанды интеллект көмекшісі орнатылған.

Өткен оқу жылындағы апробация қорытындысы бойынша педагогтер оқушылардың сабаққа қызығушылығының артқанын және өздігінен білім алуға ұмтылысының күшейгенін атап өтті. Жоба мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға және цифрлық білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Жалпы республика бойынша ауыл мектептері мен TopIQ.kz платформасының белсенді пайдаланушыларына 1000 осындай станцияны тегін тарату жоспарлануда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *