«Жетісу жастары» КММ ұйымдастырған «Family Beat» атты ерекше музыкалық кеш өңірдегі жас отбасыларды жақындастыруға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды шара ретінде өтті. Қазіргі қоғамда отбасының тұрақтылығы мен берекесін сақтау, жас жұбайлар арасындағы түсініспеушіліктердің алдын алу, ажырасу деңгейін төмендету — өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыда «Family Beat» жас отбасыларға жылы атмосфера сыйлап, қарым-қатынасты жақсартуға, бір-бірін тыңдау мен бірге уақыт өткізудің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.

Кеш барысында қатысушыларға эмоционалды байланыстарын күшейтетін түрлі форматтағы қызықты нөмірлер ұсынылды. Бағдарламада отбасылық ынтымақтастықты арттыруға арналған викторина, ерлі-зайыптыларға арналған интерактивті ойындар, махаббат пен сыйластық тақырыбындағы арнайы музыкалық композициялар және «Ozge Band», «QARRA Band», «PRO Vibe» клубы өнерпаздарының тірі дауыста орындаған керемет концерті қамтылды. Сонымен қатар тосынсыйлар мен отбасылық лотерея кештің әсерін одан әрі арттыра түсті.

«Family Beat» — жай ғана концерт емес, жас отбасыларды біріктіретін, жүректерді жақындататын эмоция алаңы. Мұнда әр отбасы өзіне құнды ой түйіп, жаңа мотивациямен, жылулыққа толы сезімдермен және ерекше ортақ естеліктермен оралды. Кештің басты миссиясы — отбасы құндылықтарын нығайту, жанұядағы сүйіспеншілік пен түсіністікті арттыру және әрбір отбасының берік байланыс құруының маңызын сезіндіру. Осы бастаманың арқасында біз жас отбасыларды қолдауға, олардың қарым-қатынасын бекемдеуге және қоғамда сыйластыққа негізделген мықты отбасы институтын қалыптастыруға үлес қосуды мақсат етеміз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *