2025 жылдың 5 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы Jetisu Digital Hub алаңында «Digital Talent Day» аймақтық IT-мамандықтар жәрмеңкесі өтті.
«Digital Talent Day» іс-шарасы Жетісу облысының кадрлық әлеуетін дамытуға және жұмыс берушілер, мемлекеттік құрылымдар, білім беру ұйымдары мен цифрлық технологиялар саласындағы жас мамандар арасында тікелей өзара іс-қимыл алаңын құруға бағытталған.
Бағдарлама аясында:
- Панельдік сессия: Цифрлық экономиканы дамытудың және IT-кадрларды даярлаудың өзекті мәселелеріне арналған.
- Көрме аймағы: Өңірдің жетекші компанияларының қатысуымен.
- Жабық нетворкинг (кәсіби байланыс): Бизнес, мемлекеттік органдар өкілдері және үздік IT-кандидаттар тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар орната алады.
Іс-шараға банктер, телеком-операторлар, IT-компаниялар, рекрутингтік агенттіктер, мемлекеттік мекемелер, колледждер мен университеттер қатысуға шақырылған.
Жәрмеңкеде нақты бос жұмыс орындары, тағылымдама мүмкіндіктері, цифрлық жобалар мен білім беру бастамалары ұсынылды.
«Digital Talent Day» іс-шарасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы Жолдауында белгіленген цифрлық трансформацияны жеделдету және өңір жастары үшін сапалы білім мен жұмыспен қамтудың қолжетімділігін арттыруға байланысты міндеттерді іске асыру аясында өткізілді.
Іс-шара ұйымдастырушылары — Jetisu Digital Hub Жетісу, облысының Цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.